Смайылов: Егемендікті көздің қарашығындай сақтау – бәріміздің асыл борышымыз

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аз ғана уақытта ауқымды реформаларды жүзеге асырған Қазақстан жаңғыру мен орнықты дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Еңбекқор халқымыздың ынтымағының арқасында ел экономикасы жаһандық сын-қатерлерге төтеп беріп, жаңа өнеркәсіп саясаты тиімді іске асырылып келеді. Қоғамдық өмірімізде салтанат құрған ұлттық келісім мен әлеуметтік ауызбіршілік сияқты қастерлі құндылықтар ғана мемлекеттігіміздің тұғырын биіктетіп, экономикалық жетістіктеріміздің арқауы болып қала бермек. Халқымызды отаншылдық рухындағы ортақ мақсатқа ұйыстыруда осынау мерейлі күннің маңызы ерекше. Ел игілігі жолында еңбек етіп, егемендікті көздің қарашығындай сақтау – біздің бәріміздің асыл борышымыз. Айтулы мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Ел еңсесі әрдайым биік болсын!, - делінген құттықтауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы