Смайылов ЕЭК естелік пошта маркаларына мөр басу салтанатты рәсіміне қатысты

Премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссияның  10 жылдығына арналған естелік пошта маркаларына мөр басу салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шара Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы қарсаңында Шолпан-Ата қаласында өтті.

 Рәсім аясында Үкімет басшылары ЕЭК-тің 10 жылдығына орай Одақ елдерінің пошта қызметтері шығарған маркалары бар конверттерге арнайы штемпель мен қол қойды. 

Анықтама: Еуразиялық экономикалық комиссия – Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы, ол өз жұмысын 2012 жылғы 2 ақпанда бастаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы