Смайылов діни экстремизмнің таралуына қарсы бақылаудың күшейтілетінін айтты
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов күштік құрылымдарды реформалау бойынша тапсырмалар берді.
Смайылов бірінші Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктеріне құқық қорғау жүйесін реформалау шеңберіндегі жұмысын жалғастыруды тапсырды.
Екінші Ішкі істер министрлігі Ұлттық экономика және Қаржы министрлігімен бірлесіп, Ұлттық ұлан мен ІІМ арнайы мақсаттағы бөлімшелерін сандық және сапалық нығайту бойынша ұсыныстарды пысықтап, бір апта мерзімінде Үкіметке енгізсін. Үшінші Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, полиция қызметкерлерін құқықтық қорғауды жақсарту мәселесін белгіленген тәртіппен пысықтасын. Қару айналымы мен діни экстремизимнің таралуына қарсы бақылауды күшейтсін, - деді ол Үкімет отырысында.
Сондай-ақ Премьер-министр төтенше жағдай қызметінің жұмысын да жетілдіру қажет екенін атады.
Төртінші, Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық және әлеуметтік жағынан күшейту бойынша ұсыныстарды пысықтап, бір апта мерзімде Үкіметке енгізсін. Бесінші, Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, белгіленген тәртіппен елдің азаматтық қорғаныс жоспарына қажетті түзетулер енгізсін және төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды жетілдіру бойынша келісілген ұсыныстар әзірлесін, - деп мәлімдеді Әлихан Смайылов.