Смайылов: Бизнесті жүргізу үшін жүйелі шаралар іске асырылып жатыр

Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту бойынша жүйелі шаралар іске асырылуда. 2020 жылдан бастап елімізде шағын және микробизнеске тексеру жүргізуге жарияланған мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды. Орта бизнестің үлесі 2019 жылмен салыстырғанда 31,7%-тен 36,5%-ке дейін өсті. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны тек соңғы 1 жылда 27%-ке өсіп, 1,8 млн-нан асты. Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны бір жылда 18%-ке артып, 4,1 млн адамға жетті,- Үкімет басшысы.

Ол оң нәтижелер кәсіпкерлік қоғамдастық пен билік органдарының өзара іс-қимылының тиімділігімен байланысты екенін айтты.

 «Таза парақтан реттеу» қағидаты сәтті еңгізілуде. 44 салада 128 мың талапқа талдау жүргізілді. Оның ішінде жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңнан астам талап анықталды. Қазірдің өзінде оның 9 мыңы алынып тасталды. Сондай-ақ бизнесті тексеруге мораторий аяқталғаннан кейін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларындағы тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осындай автоматтандырылған тәсіл тексерулерді адамның қатысуынсыз тағайындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексерулер 2 есеге қысқарады. Микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізілді. Жалпы мөлшерлеме 34,5%-тен 20%-ке дейін төмендетілді, - Үкімет басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - Архив
Өзгелердің жаңалығы