Смайылов бірқатар министрлікке тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.
Экология министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, гидротехникалық құрылыстарда шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдасын. Қараусыз қалған гидротехникалық құрылыстарды анықтап, оларды коммуналдық меншікке беруді аяқтау қажет, - деді ол.
Премьер-министр атағандай, су қоймаларының қауіпсіз көлемін белгілеп және оларды толтыруды тұрақты бақылауға алу керек.
Қажет болса алдын ала қауіп болмайтындай етіп суды жіберіп отыру керек.Қазгидромет мемлекеттік органдарға ауа-райы болжамын уақтылы беріп тұруы тиіс.Индустрия министрлігі мен әкімдіктерге су тасыған кезде жолдардың, көпірлер мен бөгеттердің дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді ол.
Смайылов ТЖМ-ға да тапсырма берді.
Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, су тасқынына қарсы барлық іс-шараларды үйлестіруді және олардың сапалы іске асыруды қамтамасыз етсін. Экология министрлігімен бірлесіп, трансшекаралық өзендердегі жағдай туралы көршілес мемлекеттермен өзара мәлімет алмасуды ұйымдастырсын.Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдермен бірге жедел штабтар құруды, тасқын қаупі туындаса, халықты уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етсін, - деді ол.