Смайылов әскери-музыкалық фестивальдің концертін тамашалады
Әлихан Смайылов «Астана – мәдениет керуені» I халықаралық әскери-музыкалық фестивалінің қорытынды гала-концертін тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Барыс Арена» мұз сарайында өткен шараға жеті мыңнан астам көрермен жиналды.
Онда ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі, Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Қазақстан Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетілімді оркестрі, сондай-ақ Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония әскерлерінің әскери оркестрлері өнер көрсетті.
Атап айтқанда, гала-концертте қазақ халық өнерінің інжу-маржаны атанған «Япырай» лирикалық әуені, Астанаға арналған «Мерейтойлық марш», сондай-ақ Майкл Джексон мен Лайонел Ричидің әлемге әйгілі We are the world синглы орындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Күршімдегі шөпке шапқан қызыл жалын толығымен сөндірілді
Өзгелердің жаңалығы