Смайыл Дүйсебай Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Смайыл Дүйсебай Неапольда өтіп жатқан Универсиада ойындарының күміс медалін иеленді деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.
87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол жартылай финалда мексикалық Андрес Суаресті 11:5 есебімен ұтты.
Алайда, финалдық сында Оңтүстік Корея өкілі Инхо Парк Смайылды алтыннан қағып, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Смайыл Дүйсебай Универсиаданың күмісін қанағат тұтты.
Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылардың еншісінде Универсиаданың жеті медалі бар. Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай чемпион атанса, гимнастар Нариман Курбанов пен Милад Карими, стенд атушы Зоя Кравченко, жеңіл атлет Михаил Литвин және таеквондошы Смайыл Дүйсебай күміс еншіледі. Қола жүлдені стенд атудан Сәрсенкүл Рысбекова иеленген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде есірткі заттарын жарнамалаған 250 сайт анықталды
Келесі жаңалық
Cиноптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы