Смартфоны және Ashyq қосымшасы жоқ жолаушылар вокзалға қалай кіргізіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Нұрлы жол» вокзал кешенінің менеджері Батырхан Әбдікәрім Ashyq қосымшасы арқылы жолаушыларды кіргізетін кезде ешқандай проблема болмайтынын айтты.

Қазіргі уақытта «Нұрлы жол» вокзал кешенінде 13 кіреберіс жұмыс істеп тұр. Вокзал қызметкерлері осы кіреберістерде жолаушыларды Ashyq арқылы кіргізеді. Ешқандай кептелістер болмауы керек, - деп түсіндірді ол. 

Сөз арасында смартфоны және Ashyq қосымшасы жоқ жолаушылар қалай вокзалға кіргізілетініне тоқталды.

Олар жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) вокзал қызметкерлеріне көрсетсе болғаны. Ары қарай қызметкерлердің олардың мәртебесін тексеріп, анықтайды, - деп толықтырды Батырхан Әбдікәрім журналистерге берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 03 маусымдағы №26 қаулысының талаптарына сәйкес, 2021 жылғы 17 маусымнан бастап Нұрлы жол теміржол вокзалы кешенінде «Ashyq» жобасы енгізіледі. Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды және Өскемен вокзалдарында жоба осы жылдың 21 маусымынан бастап жұмыс істей бастайды.


 

1 шілдеден бастап «Ashyq» жобасын Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан, Шымкент және Шу вокзалдарында енгізу жоспарланып отыр. 


 


 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы