Смартфондағы цифрлы құжаттардың тізімі артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. eGov mobile қосымшасындағы электронды құжаттардың тізімі кеңейе түспек. Бұл туралы inbusiness.kz жазады.
Тиісті заң қабылданған соң, смартфоныңызға ең керек деген 11 құжаттың цифрлы баламасын жүктеп, керек жерде қолдануға мүмкіндік туады.
Бұл туралы еліміздің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты. Енді нақты қандай құжаттар телефонда болады, соған тоқталсақ: төлқұжат, жүргізуші куәлігі, студенттік билет, көліктің техпаспорты, әскери билет, диплом, қаруды пайдалануға берілген рұқсат, зейнеткер куәлігі, аңшылық билет, мүгедектігі туралы куәлік, жылжымайтын мүліктің техпаспорты.
Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, ведомствоаралық комиссияның жақын уақытта өтетін отырысында бұл процесті жеделдету мәселесі қарастырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы