Смартфондағы ЭЦҚ-ны пайдалану әлдеқайда ыңғайлы – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі eGov порталынан қызметтерді алуда QR-код енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.
Өздеріңіз білесіздер, электрондық қолтаңба электрондық үкімет порталынан бөлек салық төлеушілер кабинетінде, мемлекеттік сатып алу сайтында, сот кабинетінде жұмыс істеу үшін талап етіледі, – деді ол.
Сондай-ақ министр ВАК отырысында басқа мемлекеттік органдардағы әріптестеріне өз порталдарында балама ретінде ұқсас сервисті енгізуді ұсынғанын жеткізді.
Бұл азаматтардың барлық мемлекеттік ресурстардағы қызметті QR-кодты мобильдік қосымша арқылы сканерлей отырып, оңай алуы үшін қажет. Іс жүзінде eGov mobile мемлекеттік сервистермен жұмыс істеуде басты құралға айналады және компьютерге түрлі бағдарламаларды орнатудың қажеті болмайды. Сонымен қатар, қолданушылардың көбі компьютердегімен салыстырғанда смартфондағы ЭЦҚ-ны пайдалану әлдеқайда ыңғайлы және оңай екенін айтуда, – деді Асқар Жұмағалиев.
Министрдің айтуынша, осындай мүмкіндікті болашақта банктер мен жеке компанияларға енгізуді ұсынылмақ.
Дәл осы принцип бойынша, яғни түрлі парольдарды есте сақтамай-ақ, eGov mobile қосымшасын пайдалану арқылы олардың ресурстарындағы қажетті қызметтерді алуға болар еді, – деп жазды министр.