Талдықорғанда оқушылар Smart аялдаманы тонап кетті
Астана, baq.kz. Мектеп оқушыларының ата-аналары әкімдікке келу керек. Әйтпесе, құқыққорғау органдарына жүгінуге тура келеді.
Талдықорған қаласының әкімдігіндегі қызметкерлер тұрғындардан жаңа Smart аялдамадан қуаттағыш құрылғыны суырып алып кеткен үш оқушыны табуға көмектесуді сұрады. Видео әкімдіктің Facebook парақшасында жарияланды.
Оқушылар 8 қаңтар күні Самал ауданындағы аялдамадан қуаттағыш құрылғыларды алып кеткен.
«Оқушылар дөрекі түрде Самалдағы жаңа Smart аялдаманың қабырғасына ілінген сегіз гаджетке арналған қуаттағыш құрылғыларды суырып алды. Бала емес, тонаушылар!» - делінген видеоның астындағы жазбада.
Оқушылардың ата-аналарына әкімдікке келу туралы өтініш айтылды. Олай болмаған жағдайда әкімдік қызметкерлері құқыққорғау органдарына шағымданбақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мақтаралда ауыл шаруашылық өнім көлемі 4,2 млрд теңгеге жетті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы