Садақаны Smart Astana арқылы төлеуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова телеграм каналы арқылы хабарлады.
Баршаңызды Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Енгізілген карантиндік режимді ескере отырып, біз Smart Astana қосымшасында жаңа қызметті жасадық. Енді сіз пітір-садақаны үйден шықпай-ақ Smart Astana қосымшасының қайырымдылық бөлімінде бере аласыз – делінген хабарламада.
Ол үшін сіз "Менің төлемдерім" - "Қайырымдылық" - "Садақаның төлемі" бөліміне өтсеңіз болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға ҚМДБ-ның белгілеген пітір-садақаның мөлшері 370 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, ыңғайлы болу үшін қосымшада елорда тұрғындары үшін ораза кестесі қосымша берілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ерікті: Президент қолдауынан күш аламыз
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы