Смадияров консулдық есепке тұрудың не үшін қажет екенін айтты

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров неге шетелге оқуға немесе турист ретінде барған қазақстандықтар консулдық есепке тұру керегін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Смадияровтың сөзінше, есепке тұруға ешбір мәжбүр жоқ.

Біздің конституциямызда шетелге шығуға немесе қайтуға, жалпы адамның қозғалысына еркі бар. Сондықтан егерде біздің азамат шетелге қай уақытта? қай жерге? қай мемлекетке барсада өзі біледі. Шетелеге жұмыс бабымен немесе турис болып барған қазақстандықтар консулдық есепке өз еркімен тұруы керек. Консулдық есеп - тегін. Біз мұны қайта-қайта айтамыз, - деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ министрліктің ресми өкілі консулдық есепке тұрудың пайдасы туралы атап өтті.

Егерде қандай да сырт елде жүрген кезде біздің азамат оқыс жағдайға тап болса, біздің дипломаттар азаматымыз туралы ақпаратты біліп отырады. Әрине, бұл шара уақыт пен ресурстарды үнемдейді. Мәселен, жер сілкінісі болған кезде консулдық тізімдегі адамдарға тез хабарласып, бір жерге жинауға мүмкіндік береді, - деді ол СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы