21 Желтоқсан 2024 2024, 06:28 Фото: видеодан кадр

"Смаара-Шымкент" тас жолында 52 шетел азаматы құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары 52 шетел азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары 52 шетел азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Түнде "Самара-Шымкент" тас жолында жолаушылар автобусы бұзылып, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында тұрып қалды.

ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан жақын маңдағы Ырғыз ауылының жылыту пунктіне 52 жолаушыны, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады. Көпшілігі Өзбекстан Республикасының азаматтары және 6 адам Тәжікстан Республикасының азаматтары болып табылатын жолаушылар осы сәтте басқа автобуспен баратын жеріне кетті. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.