Словенияда су тасқынынан 16 мың адам жарықсыз қалды

Словенияның солтүстігі мен батысында су тасқынынан 2 адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Толассыз жауыннан елді мекендерді су басып, бірқатар ауданнан тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Камник қаласында төтенше жағдай жарияланды. Елдің солтүстігіндегі барлық тас жолдар жабылып, кей бағыттағы пойыз жүрісі тоқтатылды. Табиғат апатынан кей жерлерде электр желісі бүлініп, 16 мың тұрғын жарықсыз қалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы