Бүгiн 2026, 04:27 Фото: BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Словения жанармайға шектеу енгізген ЕО-дағы алғашқы ел атанды

Үкімет шешіміне сәйкес, жанармай құю станциялары белгіленген лимиттердің сақталуын қатаң бақылауға міндеттелді.

Словения жанармайға лимит енгізген Еуроодақтағы алғашқы ел болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Мұндай шешім АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары және Парсы шығанағындағы шиеленіс салдарынан туындаған энергетикалық нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты қабылданды

Жаңа ережеге сәйкес, жеке автокөлік жүргізушілері күніне 50 литрден артық жанармай сатып ала алмайды. Ал кәсіпорындар мен фермерлер үшін шектеу 200 литр деңгейінде белгіленді.

Билік өкілдерінің айтуынша, елде жанармай қоры жеткілікті, қоймалар толы және тапшылық болмайды. Соған қарамастан, көрші елдерден келетін жүргізушілердің артуына байланысты "жанармай туризмі" құбылысы байқалған.

Үкімет шешіміне сәйкес, жанармай құю станциялары белгіленген лимиттердің сақталуын қатаң бақылауға міндеттелді.