Словакияда «Спутник V» вакцинасына сұраныс өте төмен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Словакия билігі ресейлік вакцинаны өзге елдерге сату немесе сыйлау мәселесін қарастыруда, деп жазды korrespondent.net. 

Ел тұрғындары арасында «Спутник V» вакцинасына сұраныс өте төмен. 

Словакияның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, халық ұсынылған вакцинаның қай қайсыны болын егуге құлықсыз. Қазір ресейлік вакцинаның бірінші дозасын алуға 6 мың адам кезекте тұр. Вакцина алып жатқан адамдардың көбі - 40-44 жас аралығындағылар. 

Қалыптасқан жағдайға байланысты үкімет ресейлік вакцинаның бір бөлігін Балқан елдеріне сату немесе сыйға тарту мәселесін қарастырып отыр. 

Белгілі болғандай елдің премьер-министрі «Спутник V» вакцинасына байланысты отставкаға кеткен. Оның ресейлік вакцинаны сатып алу туралы мәлімдемесі қолдау таппады, салдарын саяси кризис орын алды. 

Ресей болса, «Спутник V» вакцинасының екі миллион дозасын елге қайтаруды талап етіп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы