Скринингтен уақытында өтудің маңыздылығы неде? – Дәрігер жауабы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Скринингтік тексеруден уақтылы өту – ерте кезеңде қауіпті ауруларды анықтаудың маңызды сәттерінің бірі. №15 қалалық емхананың дәрігері Салтанат Такеева скринингтен уақытылы өтудің маңыздылығын түсіндіріп берді, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.

Дәрігердің айтуынша, скринингтің арқасында екі науқастың сүт безінен онкологиялық ауру анықталған. 

Қазіргі уақытта біздің екі пациент те ремиссияда, рецидивсіз. Олар сүт безі обырына байланысты кешенді ем алды және үш ай сайын онкологтардың тексеруінен өтіп, күнделікті өмірін жалғастыруда, - деп атап өтті доктор.

Маманның сөзінше скрининг уақытылы жүргізілсе, күрделі аурулардың асқынған түрінің алдын алуға болады. Сонымен қатар жыл сайын флюорографиядан өту өте маңызды. Қазір өкпе туберкулезі – өте кең таралған ауру.

Өкпенің рентгенін уақытында қабылдау керек. Өйткені әлі күнге дейін бұл тексеруді өткізіп жіберетін және дәрігердің қарауынан өтпейтін науқастар бар.

Осылайша, құнды уақытын өткізіп алады. Денсаулыққа жүрдім-бардым қарауға болмайды. Скринингтер мен флюорографиялардан уақытылы өтіңіз, қазір мұндай мүмкіндік ТМККК және МӘМС аясында жүргізіледі, - дейді дәрігер.

Сондай-ақ  Салтанат Такеева КВИ-ға қарсы вакцинацияның барысын және дәрігерлердің бұл істе қандай жағдайға тап болатынын атап өтті.

Қазір кейбір әйелдердің арасында антиваксерлік ұстанымды байқауға болады. Олар ғылыми түрде дәлелденген сараптамалық пікірлерге құлақ аспайды.

Осы саладағы мамандардың пікірін елемейді. Бірақ жалған әрі ғылыми дәйегі жоқ хабарламаларға қатты сенеді. Оны кім және не үшін жазғанына мән берместен сенеді. Бұл үлкен проблема. Қоғамда ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін жасөспірімдерді вакцинациялау маңызды және қажет, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы