Скринингпен байланысты жалған қоңыраулар көбейген: министрлік ескерту жасады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі скринингтік тексерулерге қатысты алаяқтық жағдайлардың көбейгенін ескертеді. Белгісіз тұлғалар медициналық ұйымдардың атынан қоңырау шалып, азаматтардан СМС-хабарлама арқылы келген кодты айтып, скринингке тіркеуді растауды сұрауда, деп хабарлайды BAQ.KZ ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мемлекеттік медицина мекемелері азаматтардан ешқашан СМС-код арқылы растау талап етпейтінін ресми түрде хабарлайды. Мұндай бір реттік кодтар цифрлық қызметтерге кіру немесе маңызды операцияларды растау үшін қолданылады, сондықтан оларды бөгде адамдарға айтуға қатаң тыйым салынады.

Алаяқтықтан қорғану үшін азаматтар бейтаныс нөмірлерден келген хабарламалар мен қоңырауларға сақтықпен қарап, күмәнді жағдай туындаған кезде жергілікті медициналық мекемеге немесе 1414 нөміріне хабарласуы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы