Скрининг нәтижелері: елімізде 120 мың адам қант диабетіне шалдыққан
Скринингтік зерттеп-қараулардың ауқымды бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1,7 миллионнан астам азамат зерттеліп-қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нәтижелер аурулардың 120 мыңнан астам жағдайы ерте кезеңде анықталғанын көрсетті, бұл ерте диагностика жүйесін жақсарту бойынша ағымдағы шаралардың тиімділігін растайды.
Скринингтердің барысында мыналар анықталды:
* Артериялық гипертензияның 100 мың жағдайы - егер уақтылы анықталмаса және бақыланбаса, инсульт пен инфарктқа әкелуі мүмкін ең көп таралған аурулардың бірі.
* 20,2 мың қант диабетінің диагнозы — бұл соңғы жылдары елдегі өзекті мәселеге айналып келе жатқан ауру.
* Глаукоманың 5 мың жағдайы - емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін аурулар.
Сонымен қатар, 2024 жылы анықталған аурулардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға өсті. Бұл пациенттің бағытын тиімді оңтайландыру, скринингтер жүргізуде бірыңғай тәсілді енгізу және тұрғылықты жеріне қарамастан азаматтар үшін медициналық зерттеп-қарауларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің арқасында мүмкін болды.
Скринингтік жүйеде не өзгерді?
Кейбір ескірген және ақпаратсыз зертханалық-аспаптық әдістер дәлелденген дәлдікпен заманауи және жоғары тиімді әдістерге ауыстырылды.
- қант диабетін диагностикалау үшін гликирленген гемоглобин (HbA1c), (бұрын қандағы глюкозаны анықтау жүргізілген ) ;
- бүйрек ауруларын ерте анықтауға арналған шумақтық сүзілу жылдамдығы;
- жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау үшін қан сарысуындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтер.
- жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған сұйық ПАП тестті.
Бұл тәсілдер:
- асқынулардың санын азайту, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алу;
- скринингті қолжетімді ету (нысаналы топтарды кеңейту).
Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап 50-70 жастан асқан ер адамдар үшін 2 жылда 1 рет ми қан айналымы бұзылыстарының даму қаупін ертерек анықтауға арналған скрининг енгізіледі.
15-17 жас аралығындағы қыздар үшін жұлын-бұлшықет атрофиясының болуына молекулалық-генетикалық тестілеу енгізіледі.
Қазақстанда мынадай ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізілуде:
ü артериялық гипертензия (2 жылда 1 рет)
ü жүректің ишемиялық ауруы (2 жылда 1 рет)
ü қант диабеті (2 жылда 1 рет)
ü глаукома (2 жылда 1 рет)
ü жатыр мойны обыры (4 жылда 1 рет)
ü сүт безінің обыры (2 жылда 1 рет)
ü колоректалдық обыр (2 жылда 1 рет)
ü вирустық гепатиттер (3-6 айда 1 реттен жиі емес).
Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға және үнемі тегін скринингтерден өтуге шақырады.