СҚО жаппай вакциналау науқанына дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста екпе салдыртатын он жеті арнайы орын жасақталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның төртеуі Петропавл қаласында болса, қалғаны аудандарда орналасқан. Екпе алғашында стационарларда жұмыс істеп жүргендерге, жедел жәрдем қызметіндегілерге және санитарлық-эпедемиологиялық департаменті мамандарына қойылады. Осылайша ақпанда мыңға жуық адамға вакцина салу жоспарланған. Әрине, бәрі ерікті түрде. 

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға дайындық қызу жүргізіліп жатыр. Барлық емханаларда вакцинациялау пунктері бар. Медициналық қызметкерлер толық дайындықтан өтті. Қазір облысымыз ресейлік «Спутник V» вакцинациясын қабылдауға дайын. Вакцинация екі кезеңнен яғни екі компоненттен тұрады. Бірінші компонент қойылады. Сосын жиырма бір күннен кейін егер бәрі жақсы болса, екінші компонент қойылады, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім жетекшісі Әсем Қанғожина.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы