СҚО полицейлері екі жыл бұрын жасалған интернет-алаяқтықты ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері екі жыл бұрын жасалған интернет-алаяқтықты ашты,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

Уәлиханов ауданының қызметкерлері желілік алаяқтықтың біріне қатысты жұмысты 2019 жылдан бастап жүргізді. Сол уақытта белгісіз біреу Kolesa.kz сайтына автоқосалқы бөлшектерді сату туралы хабарландыру орналастырған. Онымен сөйлескен аудан тұрғынынан 55 мың теңге алдын ала төлем алғаннан кейін, байланысқа шықпай қойған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Аз уақыттың ішінде күдіктіні ұстау мүмкін болмады, алайда қылмысты ашу жұмысы жалғасты. Қызметкерлер аталған факті бойынша жедел қызығушылық тудырған ақпаратты анықтады. Алматы қаласындағы қызметтік іссапар барысында криминалдық полиция қызметкері мен тергеуші күдіктінің ізіне түсіп, ұстады. Ол оңтүстік астананың 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындап, жәбірленушіге келтірген шығынның орнын толтырды, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Әлижанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы