СҚО полицейлері діни заңнаманы бұзушыларды анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Интернетке мониторинг жүргізу кезінде СҚО полицейлері «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің қолданушысы жеке парақшасында діни мазмұндағы фото мен аудиожазбалар орналастырғанын анықтады, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы («Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу») бойынша өндіріс қозғады.
Файлдар дінтану зерттеуіне жіберілді. Егер аталған материалдар сараптамамен діни деп танылса, ер адамға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемде айыппұл салынуы мүмкін. Ұқсас факті облыс орталығының тұрғынына да қатысты тіркелді. Ол интернетте хабарландыру бойынша діни кітапты сатпақшы болған, - делінген хабарламада.
СҚО аумағында діни әдебиетті ғибадат үйлерінен бөлек, 15 сауда орнында сатуға рұқсат берілген. Сауда орындары Петропавл қаласында орналасқан.
Тізім облыс әкімдігінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы қаулысымен бекітілді.
Жыл басынан СҚО полицейлері дін саласындағы заңнама бойынша 6 бұзушылықты анықтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шаңғымен тұғырдан секіру: Қазақстандықтар іріктеуден өтті
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы