СҚО полицейлері 4 күнде 33 отбасын есепке қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төрт күнде СҚО полицейлері 33 отбасын есепке қойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысын азайту, кәмелетке толмағандарды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау – ювеналдық полицияның басымды міндеттері. Қыркүйектің 13-і мен 19-ы аралығында СҚО полицейлері «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмысты күшейтті. Түнгі көшелер мен ойын-сауық орындары бойынша рейдтерге жеке көңіл бөлінеді. Кешкі сағат 23-тен таңғы сағат 6-ға дейін тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің ілесіп жүруімен ғана болатынын еске салады. Алайда, жасөспірімдердің барлығын бірдей олардың ата-аналарының жауапқа тартылуы алаңдата бермейді. 16 қыркүйекте түн жарымында полицейлер екі жас жігітті тоқтатқан. Олардың бірі 15 жаста болып шықты. Өткен жылы оның ата-анасы әкімшілік жазаға тартылған болатын. Ұлының түнде серуендегені үшін оларға ескерту берілді. Жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық айыппұл салуды көздейді.

Операцияның төрт күнінде облыста 136 жас түнгі серуенді ұнататындар тоқтатылды. 33 отбасы тұрмысы төмендер ретінде есепке қойылды. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және асырау бойынша міндеттерін орындамаған 43 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды. Бұзақылық жасаған тоғыз жасөспірім анықталды.

Рейдтердің бірін дабыл хабарламасы тоқтатқан: полицияға көшеде сегіз жастағы қызы жоғалған қалалық жүгінген. Ювеналдық полицияның барлық тобы сол сағатта іздеуге бағдарланды. Абырой болғанда бей-жай қарамайтын өтіп бара жатқандардың бірі қызды жақын маңдағы учаскелік полиция пунктіне апарған, онда туыстары күтіп отырған.

Сабақ басталғаннан бері есепте тұрған тұрмысы төмен отбасыларды, жасөспірімдерді тұрғылықты дері бойынша тексеру өзекті болып табылады, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. – Ювеналдық полиция қызметкерлері балалардың барлығы бірдей мектепке бара ма, ата-аналары оларды тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін орындауын тексереді. Білім беру мекемелерінде құқықтық сауаттылығын арттыру үшін оқушылармен әңгіме жүргізіледі. Кәмелетке толмағандарды қорғау бойынша жұмыс СҚО ПД басшылығының ұдайы бақылауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы