СҚО-ның санэпидбақылау басшысы ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-да санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жаңа басшысы тағайындалды.

Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұған дейін Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментін басқарған 39 жастағы Әсет Жұматаев тағайындалған.

Жұматаев Қарағанды медицина академиясын медициналық-профилактикалық іс мамандығы бойынша тәмамдаған.

2007-2019 жылдар аралығында Аққайың ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Сондай-ақ аталмыш ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы болған.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы