СҚО-ның кешенді жоспарының жалпы бюджеті шамамен 2 трлн теңгені құрап отыр - Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары боййынша өткен Үкімет отырысында айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, осы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарын жаңартты. Қазіргі таңда кешенді жоспардың жалпы бюджеті шамамен 2 трлн теңгені құрап отыр. Оның басым бөлігі – жеке инвестициялар, - деді Мамин.
Премьер-министр атағандай, облысқа жеке инвестиция тарту жаңа жобаларды іске асыруға, сапалы жұмыс орындарын құруға және өңір экономикасының жаңа құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алдын ала бағалау бойынша кешенді жоспардың іске асырылуы өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 1,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқынын 5,2% дейін қамтамасыз етеді. Жаңа өсу нүктелері пайда болады. Облыстың инфрақұрылымы жақсарады. Жалпы өңір сапалы даму үшін жаңа импульске ие болады, - деді ол.
Ол атағандай, ең бастысы 26 мың жұмыс орны құрылатын болады.
Қаржыландыру көлемінің артуы мен халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы өңірдегі көші-қон үрдістерін тұрақтандуға мүмкіндік беріп, жастардың тұрақтауы мен мамандардың келуіне қосымша жағдай жасайтын болады. Бұған білім беру мен денсаулық сақтау салаларын белсенді дамыту септігін тигізеді. Ұлттық экономика министрлігіне және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Кешенді жоспардың іс-шараларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенатта әлеуметтік желілер туралы заң қабылдау ұсынылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы