СҚО-ға көшіп келетіндерден көшіп кететіндердің саны көп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы алты айда Солтүстік Қазақстан облысынан 4,2 мың адам көшіп кеткен. Бұл туралы Петропавловск.news сайты жазды.

Ақпарат көзінің мәліметінше, 2021 жылдың алғашқы алты айында 2 339 адам Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны атанған. Ал, сыртқа кеткендердің саны одан екі есе көп — 4 236 адам. Бұл 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,5 пайызға артық.

СҚО-дан сыртқа кететіндер ТМД елдерін, соның ішінде негізінен Ресейді таңдаған. Тиісінше қоныс аударушылардың 88,9 пайызы да Ресей Федерациясынан.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы