СҚО-дағы сүт зауытында өнімді цифрлық таңбалау жүйесі сынақтан өткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жобаны қазақстандық «QR Trace» компаниясы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «Қазақтелеком» компаниясымен серіктесіп, петропавлдық сүт базасында іске асырды.
Петропавлда Қазақстанның ірі сүт өңдеу зауыттарының бірінде сүт тауарларын таңбалау және қадағалау жүйесі сынақтан өткізілді.
«МолПродукт» ЖШС-дегі жаңғыртылған өндірістік желінің жұмысын көрсетуге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Қазақтелеком» АҚ-ның және «QR Trace» ЖШС өкілдері және қатысты.
АӨК саласындағы таңбалау жүйесін енгізу бойынша алғашқы пилоттық жоба Үкімет басшысының тапсырмаларын және Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың 2020 жылғы 14 шілдедегі «Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау жобасын іске асыру туралы» кеңес хаттамасын орындау аясында жүзеге асырылды.
ЕАЭО-ның Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы ратификацияланған келісімге сәйкес, Қазақстан тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін іске қосты және интеграциялық процестер шеңберінде тері бұйымдары мен темекі өнімдерін міндетті таңбалауды енгізді. Сонымен қатар, биыл республикада дәрі-дәрмектерді, алкогольді, аяқ киім мен сүт өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске қосылды.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалану жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі және 2022 жылдан бастап міндетті болады. Яғни, көрсетілген және қолдан жасалатын өнім түрлерінің QR-белгісі болмаса, билдан бастап дайындаушы елден тыс жерлерде сатылмайды.
Таңбалаудың бірден бірнеше мақсаты бар. Бірінші кезекте бұл тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тауарларды өндіру және оларды тасымалдау туралы мәліметтердің ашықтығын қамтамасыз ету.
Штрих-кодта тауардың өндірістен дүкен сөресіне жеткенге дейінгі бүкіл тарихы жазылады. Мәселен, өндірілген орны мен күні, жарамдылық мерзімі, өнімді сауда кәсіпорындарына жіберу уақыты және тағы басқа да тауар туралы ақпарат қамтылады. Тұтынушы бұл ақпараттың барлығын бірден смартфонының көмегімен QR код арқылы оқи алады.
QR-кодтар тек тіркелген кәсіпорындарға ғана беріледі. Осылайша, жүйе контрафактілік тауарларды өндірушілердің сауда-логистикалық тізбегінен автоматты түрде өшіреді.
Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу бизнес үшін өте пайдалы және бірқатар артықшылықтары бар. Айталық, нарыққа жалған өнімдер шығаратын заңсыз тауар өндірушілермен бәсекелестік мәселесі шешіледі, логистикадағы шығындар азаяды, тауарларды есепке алу жеңілдетіліп, жеделдетіледі.
Жаңашылдықтың арқасында көлеңкелі экономиканың себеп-салдары қысқарады, адал еңбек ететін кәсіпкерлердің тиімділі артады және бюджет кірісі ұлғаяды. Сондай-ақ, салық түсімдерінің өсімі әлеуметтік міндеттемелерді орындауға ғана емес, бизнесті қосымша қолдауға да бағытталатын болады.
Күш біріктіргеннің нәтижесінде компаниялар тиімді және қол жетімді шешім тауып, оны қатты қаптамадағы сүтті өндіру желісіне пайдаланды.
Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу үшін белгілі деңгейде шығындануға тура келеді. Сондықтан бизнес өкілдерінен сұрақтар туындауы мүмкін. Бірақ біз пилоттық жобаны іске асыру барысында үлкен жұмыстар жүргіздік, бір жылға жуық уақыт нарықты зерттедік, түрлі шешімдерді зерттедік және нәтижесінде кәсіпкерлеріміз үшін ең оңтайлы нұсқаны таптық. Біз бұл шешімді «МолПродукт» ЖШС базасында сынап көрдік. Онда заманауи өндірістік желі орнатылған. Біз таңбалау жабдықтарын біріктіруді жүзеге асырдық, сондай-ақ 1С есепке алу жүйесін бейімдеу және жетілдіру жұмыстарын жүйеледік. Нәтижесінде, баға бойынша тиімділікті көтеру шешімін көрсеттік, - деді «QR Trace» ЖШС директоры Алмаз Маралов.Петропавл кәсіпорны өз өнімдерінің көп бөлігін Ресей Федерациясына жібереді, сондықтан компания басшылығы экспорттық және ішкі нарықтардағы өз жағдайын сақтауға мүмкіндік беретін жаңа технологияларға қызығушылық танытты.