СҚО-да жазғы демалыс кезінде 68 000 оқушы демалады

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Яғни, өңірдегі оқушылар 100 пайыз қамтылады. Былтыр 67 мың балаға жазғы демалыс ұйымдастырылған болатын.

1 мен 10 сынып арасындағы оқушылардың барлығына арнап түрлі демалыс ұйымдастырылады. 1-4 сынып оқушыларына 458 мектеп жанындағы жазғы алаңдар жұмыс істейді. Мұнда 30 мың баланы тарту көзделген. Сондай-ақ, облыстағы 12 сауықтыру лагеріне 1-9 сыныптарда оқитын 7 мың бала барады.

Өңір жасыл аймақта болса бір ауысымда - 1400, сары аймаққа өтсе – 700, қызыл аймаққа енсе – 420 бала демалатын болады. Әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан балалар түгел барады, ол үшін бюджеттен 70 миллион теңге бөлінді. Ондай балалардың саны 2725, - деді Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Мафруза Науанова.

Сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар   Ақмола облысындағы «Бурабай» және Петропавл қаласындағы «Солнечный» профилакториіне барады. Ал, ерекше күтімді қажет ететін балаларға «Орленок» демалыс орнына жолдама беріледі.    

Жалпы, лагерьге жолдама құны 19 мың мен 30 мың теңге арасында. Мектеп жанындағы алаңдар 1 маусымнан бастап жұмыс істейді. Бұл орындарда 10 күннен 3 маусым болады. Ал жазғы лагерьлер 15 маусымнан бастап іске кіріседі.    

Бұдан басқа   97 шатырлық лагерь, 312 «Жас сарбаз» клубы, «Жасыл ел» бригадалары мен өңірдегі қасиетті жерлерге өлкетану экспедициялары жоспарланған. Балалар Ботай қонысына, Имантау, Шалқар көлі секілді тарихи орындарға саяхат жасайды. Оқушылар сарайы жанында 1000 балаға арналған «Жазғы Академия» жұмыс істейді. Жалпы өңірде 25 аулалық клуб бар, оған 4,5 мыңнан астам бала барады. Және, 83 қосымша білім беру ұйымы бар, онлайн форматта дебат клубтары, көшбасшы мектебі, тіл оқытатын сабақтар ұйымдастырылады, - деді Мафруза Тасболатқызы.

Жазғы сауықтыру кампаниясы барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселері де басты назарда. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес қызмет ететін персонал COVID-19 вирусына жүргізілген лабораториялық сараптамалардың негізінде берілген, мерзімі 72 сағаттан аспаған рұқсаты бойынша немесе COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаны толық алғандығы жөнінде құжаты бар болса   ғана жұмыс істейді. Лагерьге келген әр балада денсаулығы жайлы анықтама мен вирус жұқтырғандармен қатынаста болмағанын растайтын құжат және COVID-19 вирусына жүргізілген лабораториялық сараптамалардың негізінде берілген, мерзімі 72 сағаттан аспаған рұқсаты болуы тиіс.

Қазіргі күні жазғы лагерьлерде жұмыс істейтін вожатыйлар мен тәрбиешілер және әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметшілері вакцина салдыруда. Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ПТР тесттен өтуді қаржыландыру жағы қарастырылуда.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы