СҚО-да жазасын өтеушілерге коронавирусқа қарсы екпе салынып жатыр

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір өңірде қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 5 мекеме бар. Оның 1-еуінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, әзірге 4 колонияда ғана вакцинациялау іске асуда.

Осыған дейін тергеуге дейінгі уақытша оқшаулағышы мен жазасын жеңілдетілген режимде өтейтіндерге арналған колониядағыларға екпе салынса, бүгін ЕС - 164/3 және ЕС - 164/6 мекемесіндегілерге егілді.
Бұған дейін сотталғандарға ресейлік «Спутник V» препараты егілсе, осы жолы қазақстандық «QazVac» вакцинасы қойылды. Алдымен жазасын өтеушілер рұқсат қағазына қол қояды. Кейін олардың дене қызуы мен қан қысымын, жалпы жағдайын тексеріп тұрамыз, - дейді ЕС-164/6 мекемесінің фельдшері Қаламқас Шагирова.

Осы мекемеде, яғни әйелдер колониясында 1 апта бұрын 87 адамға вакцина салынған болатын, бүгін тағы 99-ына қойды. Жалпы өңірдегі 5 мекемеде 900-ден астам адам жазасын өтеп жатыр.

Сотталғандардың иммунитетін қалыптастыру үшін вакцинациялау қолға алында. Осыған дейін салғандардың ешқайсысының денсаулығында ауытқу болған жоқ. Сақтық шаралары мақсатында жазасын өтеушілердің барлығына екпе қойылады, - дейді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Александр Кочкин.
Қазір 284 жазасын өтеушіге вакцина егілді, әлі 400-дей адамға салу жоспарланған. Вакцина салудан бұрын бәрінің де денсаулығы мұқият тексеріліп, рұқсатын бергеннен кейін ғана егіледі дейді департамент өкілдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы