30 Мамыр 2021 2021, 02:50

СҚО-да тәулік бойы жұмыс істейтін МРТ аппараты іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының онкология диспансерінде МРТ аппараты іске қосылды.Бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жазды.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының онкология диспансерінде МРТ аппараты іске қосылды. Бұл жайында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін онкология диспансерінде жаңа МРТ аппараты іске қосылды. Жаңа қондырғы тәулік бойы жұмыс істемек, таңғы сегізден таңғы беске дейін, үш ауысымда. Кезек күткендердің саны біршама азаяды, – деп жазды өңір басшысы.

Қазір облыста 3 МРТ аппараты бар. Жаңа кешенді жоспар аясында қалалық көпсалалы аурухана мен облыстық балалар ауруханасына тағы 2 МРТ алу жоспарлануда. Осылайша, аймақтағы қажеттілік толығымен жабылады.

Өңір ауруханаларында 6 компьютерлік томограф бар. Биыл тағы 2 КТ көпсалалы қалалық аурухана мен облыстық балалар ауруханасына жаңа компьютерлік томография қойылады деп жоспарлануда.