СҚО-да тіркелген сайлаушылардың 87,08 пайызы дауыс берді

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Сағат 20:00-де Солтүстік Қазақстан облысындағы барлық 174 сайлау учаскесінде дауыс беру тоқтатылды.  

Бұған дейін әр 2 сағат сайын сайлаушылардың келуі туралы ақпарат ұсынылып отырған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша дайындалған бюллетеньдердің 87,08 пайызы жаратылды.  Яғни өңірдегі дауыс беру құқығына ие 60 мыңнан астам адамның 87 пайыздан астамы өз таңдауын жасады дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскин.

Дауыс беруді аудандар бойынша бөліп қарадық. Жалпы белсенділік жоғары деп айтсақ болады. Ең белсенділері Мағжан Жұмабаев ауданындағы Ұзынкөл мен Тайынша аудандарындағы, Теңдік және Уәлиханов аудандарындағы, Қаратерек ауылдық округтерінің тұрғындары. Мұнда халықтың 100 пайызы келіп дауыс берді. Ең азы Тайынша ауданындағы Зеленый Гай ауылдық округі, мұнда тек 67,87 пайызы келіп таңдау жасады, - деді Тілеген Қаскин.  

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, аумақтық сайлау учаскелеріне өтініштер мен заң бұзушылықтар туралы шағым түскен жоқ. 

Байқаушылар да талапқа сай жұмыс істеді. Ең бастысы пандемиялық жағдайға байланысты санитарлық нормалар бұзылған жоқ. Қазіргі күні учаскелерде дауыстарды санау жүргізілуде. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы