СҚО-да патрульдік полиция инспекторлары сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров Агенттіктің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен брифингте айтты.
Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының инспекторы А. Шнайдер мен Д. Байжановты, тиісінше, 12,9 млн теңге және 5,5 млн теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындай отырып және «полиция аға лейтенанты» арнаулы атағынан айыра отырып, соттады. Осы үкіммен В. Пушкарев ҚР ҚК 368-бабы 1-бөлігі бойынша 850 мың теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, - деді Бекайдаров.
Оның айтуынша, Шнайдер мен Байжанов делдал азаматтың көмегімен алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамнан пара алды деген күдікке ілінді.
Пушкарев автокөлік жүргізушілерінен әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін пара ретінде ақша қаражатын алды. Сондай-ақ Кентау қаласы сотының үкімімен №16 мектеп директоры И. Спатаева (ҚК 366-бабы 2-бөлігі) 4,5 млн теңге айыппұлға, Э. Теңлесбаева (ҚК 368-бабы 1-бөлігі) 250 мың теңге айыппұлға, Спатаева ағылшын тілінің оқытушысы болып жұмысқа орналасқаны үшін 100 мың теңге сомасында Теңлесбаеваның делдалдығы арқылы пара алды деген күдікке ілінді, - деді ол.Бұған дейін Бекайдаров 147 адам пара бергені үшін сотталғанын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Беларусь президенті Лукашенко Қазақстанға «ренжіп» қалыпты
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы