СҚО-да осыған дейін қызмет атқарған 42 әкім қайтадан сайланды
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысында 71 әкім сайлауға түсті. Оның ішінде 70-і ауылдық округ болса, 1-еуі аудандық маңызы бар қала.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша, 42 ауылдық округтің бұрынғы әкімі жерлестерінің сеніміне ие болып, қайтадан сайланды.
Сайлау бюллетеньдеріне 214 кандидат енгізілді. Оның ішінде 68 кандидат саяси партиялармен ұсынылды: Nur Otan партиясы – 57, «Ауыл» ХДПП – 3, «Ақ Жол» ҚДП – 2, АDAL КП – 2, ҒПК – 4.146-өзін-өзі ұсынуымен. Сайланған 71 әкімнің 57-і немесе 80,2% мемлекеттік қызметшілер болып табылады. 19 әкім немесе 26,8% – әйелдер. 1 үміткер «Болашақ» мемлекеттік бағдарламаның түлегі болып табылады, - деді Тілеген Қаскин.Сайланған әкімдердің орташа жасы – 45. Ең жасы 30-да болса, ең үлкені 62-де.
Тимирязев ауданы Интернациональный ауылдық округінде Канат Серікұлы Иманжанов дауыс санының 98,0%-ын жинады. Мамлют ауданының Ленин ауылдық округіндегі кандидаттар Анаргүл Нұрғалиқызы Бакеева мен Алмагүл Кәкібайқызы Рамазанова арасында сайлаушылар дауыстарындағы ең аз алшақтық, тиісінше, 52,1% және 44,5% құрайды. Дауыстарды қайта санау жүргізілген жоқ. Сайлау комиссияларының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне жоғары тұрған комиссияларға, соттарға өтініштер түскен жоқ, - деді сайлау комиссиясының төрағасы.Сайлаушылардың 87,08 пайызы қатысты. Бұл халықтың белсенділігінің белгісі. Жалпы осы жолы тұрғылықты жері бойынша 60 мыңға тарта адам дауыс беру құқығын пайдаланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Токио-2020: Зульфия Чиншанло қола медаль еншіледі
Өзгелердің жаңалығы