СҚО-да мыңнан астам жол ережесін бұзу фактілері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында 18 қарашадан бастап күніне 450-ден астам полиция қызметкері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Облыс жолдарында 149 автопатруль, оның 37-сі республикалық және 10-ы облыстық маңызы бар жолдарда жүр. Соңғы екі күнде мыңнан астам жол ережесін бұзу фактілері анықталды. Соның ішінде 232 оқиға жаяу жүргіншілер жолағында болған. 

Өңірде күздің соңғы айының қыстан айырмашылығы жоқ: қар, көктайғақ және тұман. Синоптиктер ауа-райының нашарлайтынын хабарлауда. Осыған орай полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын күшейтті. Мұндай ауа райы жағдайында жол жүру қауіпті екенін түсіндіріп, қарлы боран мен көктайғақ кезінде өте сақ болуға шақыруда. Қысқы дөңгелектегі, тежегіштегі ақау, жылдамдықты асыру және арақашықтықты сақтамау - автокөлік жүргізушісіне орны толмас қайғы әкелуі мүмкін, - делінген баспасөз хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы