СҚО-да кезекте тұрған 186 отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлдағы Первомай көшесiнде халықтың әлеуметтiк тұрғыда аз қамтылған азаматтарына 2 көпқабатты үй салынған. Бүгінде 186 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Бұл туралы аймақ басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бұл жетiмдер, толық емес отбасылар, мүгедектер, ауған соғысының ардагерлерi және көп балалы отбасылар.
Бұрын бұл жерде 4 апатты екi қабатты үй тұрған едi. Бұл үйлердiң тұрғындары тұрмыстық жағдайларын жақсартып, жайлы пәтерлерге ие болды, - деп жазды өз парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов.

Жалпы, облыста биыл 3 мың пәтер салынады, оның 625 пәтерi мұқтаж азаматтарға арналған. 11 мың солтүстiкқазақстандық қоныс тойын тойлайды. Өңiрдегi 125 көпбалалы отбасы көптен күткен баспанаға ие болады. Биыл аудандарда кезекке тұрғандарға арналып 7 көпқабатты үй салынды.

 

2021 жылы «Береке» ықшам ауданында 556 пәтерлi 5 көп қабатты үйдiң құрылысы аяқталады. Бұл 130 көпбалалы отбасы мен әлеуметтiк топтардағы 400-ден астам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкiндiк береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы