СҚО-да кәсіпкер бруцеллезі бар 30-дан астам мал басын рұқсатсыз кіргізген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты.
Жылына екі рет біз ветеринарлық-диагностикалық зерттеу жүргіземіз. Жалпы бұл салада оқиғалар саны азайды. Ірі кешендерде ондай деректер тіркелмеген. Олардың барлығы жеке шаруа қожалықтарында тіркеліп отыр. Жақындағы жағдай сияқты, жергілікті жеке кәсіпкер ветеринарлық қызметтің назарынан тыс 30-дан астам мал басын кіргізген. Олардың барлығында бруцеллез анықталды, - деді ол.
Тасмағанбетов бүгінде бірқатар ветеринарлық шаралар мен шектеулер енгізілгенін айтты.
Бұл шаралар сапалы мал өнімдерін алуда басымдыққа айналуы керек. Бұл мал аурын азайтып, жалпы мал басын сақтап қалуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз, - деді Марат Тасмағанбетов.