СҚО-да бір жасар сәби коронавирустан көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 3 күнде өңірдің инфекциялық стационарларында коронавирустан 4 адам қайтыс болды, оның ішінде 1,2 жастағы бір бала.
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 10 күнде эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаған. Инфекциялық стационарға науқастар көптеп түсіп жатыр.Егер 1 шілдеде облыстың инфекциялық стационарларына күніне 20-дан астам пациент түссе, соңғы 3 күнде адамдардың саны тәулігіне 50-ге дейін өскен.
Соңғы 3 күнде жұқпалы аурулар ауруханаларында COVID-19-дан 4 науқас қайтыс болды, оның ішінде 1,2 жастағы бір бала бар. Өкінішке қарай, олар да вакцинацияланбаған. Өйткені бала және анасымен байланыста болған туыстары вакцинацияланбаған, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы