СҚО-да бидайды қайта өңдейтін зауыт іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында осы жылы бидайды қайта өңдейтін зауыт іске қосылады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады.
Облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасында хабарлағандай, жобаны Kazmeal жүзеге асыруда. Panasia Impex PTE. Ltd. сингапурлық компаниясы шетелдік серіктес болып табылады."Зауытты іске қосу 2019 жылдың І жартыжылдығының соңына дейін жоспарланып отыр. Кәсіпорын жылына 360 мың тонна өнім көлемінде құрама жемдерге арналған рапс күнжарасы (15%) мен 4-сұрыпты бидайды (85%) қайта өңдеу жоспарлануда", - деді ведомствода.
Дайын өнім толық көлемде Қытайға экспортталады. 80-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шекарашылар ірі көлемдегі контрабанданы тәркіледі
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы