СҚО-да 1000 гектардан астам алқапта дала өрті сөндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО Тайынша ауданында 1000 гектардан астам алқапта дала өрті сөндірілді.

20 қазанда сағат 17:26-да СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ Тайынша ауданы Тайынша қаласының №14 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Ақмола облысы тарапынан, Жаңадәуір және Амандық ауылдары арасында шөптің өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Өрттің ауданы 1000 гектардан астам алқапты алған, - деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Тайыша қаласынан өрт орнына дейінгі арақашықтық – 110 шақырым, жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімшесінен, Чкалово селосының өрт сөндіру бекетінен 45 шақырым.


ТЖМ-нің ақпаратына сәйкес шақыру орнына дереу Чкалово селосының №26 өрт сөндіру бекетінің кезекші қарауылы шықты, қосымша күштер мен құралдар талап етілді, жергілікті атқарушы органдарға, жақын маңдағы объектілердің өртке қарсы ерікті құралымдары хабарланды. Өрт сөндірушілер «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ орманшыларымен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өртті жоюға кірісті.


Көп ұзамай өрт орнына Тайынша қаласы №14 өрт сөндіру бөлімінің, Ақмола облысы «ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Зеленый бор кентінің №25 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қосымша күштері мен құралдары, ауданның орман шаруашылығының мамандары, «Ильичевка Астық» ЖШС, «Бесқарағай» ЖШС, жергілікті тұрғындар келді. Өртті жоюмен бір мезгілде жақын маңдағы Амандық және Жаңадәуір ауылдарына оның таралу қаупін болдырмау мақсатында 3 шақырымнан астам қашықтықта жер жыртылды, - делінген хабарламада.


Өртті сөндіру жұмыстарына желдің көтерілуі кедергі болды.

Өрт 2020 жылғы 21 қазанда сағат 01.00-де ауыздықталып, 02.40-та толығымен сөндірілді. 
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталуда.
Өрт аумағы 1050 гектарды құрады.


Өртті жоюға СҚО ТЖ департаментінің, Ақмола облысы ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, Тайынша ауданының мемлекеттік орман мекемесінің, өртке қарсы ерікті құралымдардың күштері мен құралдары – жеке құрамнан 61 адам және 15 бірлік техника (өрт сөндіру арнайы техникасы, тракторлар, су тасығыштар, қосымша көлік) жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы