СҚО әкімі 5 жылда қанша шақырым жол жөнделетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап берді.

Оның айтуынша, жолдарды жөндеу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Облыс кішкентай болғанымен, жолдардың ұзындығы бойынша аймақтар арасында үшінші орында тұр. Бұл 9 мың шақырым жолды құрайды.

Былтыр әрбір оныншы шақырым немесе 954 км жол жөнделді. 74 ауылдың жолдары жақсартылды. Биыл тағы 24 ауылдың жолы жөнделеді. Жақсы жолдардың үлесі 58%-дан 69%-ға дейін өсті. Кешенді жоспардың арқасында бұл көрсеткішті 98%-ға дейін жеткіземіз. 2025 жылға дейін 5 мың шақырым жол жөнделеді, - деп баяндады облыс әкімі ОКҚ-да.

Құмар Ақсақалов атап өткендей, жөнделетін жолдардың бойында облыстағы ауылдардың тең жартысы орналасқан.

Бұл ауыл тұрғындарының саны 259 мың адамды құрап отыр, - деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Еске сала кетейік, облыс әкімі есептік кездесуде облыста биыл 7 мың жұмыс орны ашылатынын айтты. Сөзінше, былтыр 12 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ ол облыста 16 мектеп салынатынын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы