Скляр жеңілдетілген жаңа автонесие бағдарламасымен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отандық автокөлікті сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге бөлінген.

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

Шарттар келесідей болмақ: жылдық мөлшерлемесі 4 пайыз және бастапқы жарнасы 0 пайызды құрайды. Мерзімі 7 жыл. 20 пайыз бастапқы жарна және жылдық 4 пайыз болатын қазіргі жеңілдетілген бағдарламадан айырмашылығы осында. Сегменттік көліктер қымбат емес автомобильдер екені анық. Осылайша, 71 мың азаматымыз жаңа көлікті қолжетімді бағамен және қолжетімді несие ресурстарымен сатып ала алады, - деді Роман Скляр «Хабар-24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы барысында.

Сонымен қатар Роман Скляр 2023 жылға қарай отандық көлік тапшылығы мәселесі шешілетінін айтты.

Сөзінше, бұл проблема электрондық чиптердің жетіспеуінен шығып отыр. Мұндай чиптер кез келген көлік өндірісінде пайдаланылады.

Сұхбат барысында Роман Скляр 2023 жылға қарай көлік мәселесі толық шешілетінін алға  тартты. 
 

Автосалондарда отандық қана емес, өзге де көліктердің тапшылығы байқалады. Келесі жылы отандық та, шетелдік де көлік жеткілікті болады деп жоспарлап отырмыз, - деді ол  «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, утильалым 50 пайызға дейін төмендетілетінін жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы