Скляр: Тұрғындарды эвакуациялауға екі күн бар

Бірінші вице-премьер Роман Скляр тұрғындарды эвакуациялауға екі күн барын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысының Заречный кентіндегі су тасқыны жағдайын зерттей келе, премьер-министрдің бірінші орынбасары Петропавл қаласының әкімдігіне және құтқару қызметтеріне тұрғындарды су басу қаупі төнген аймақтан эвакуациялауды бастауды тапсырды.

Роман Скляр эвакуациядан бас тартқан тұрғындарға су тасқыны қаупінің ауырлығын түсіндіруге және жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін отбасыларды саяжайдан көшіруді бақылауға алуға тапсырма берді. 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы