Скляр Татарстан премьер-министрімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сапар аясында ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Нижнекамск және Набережные Челны қалаларында болды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, "Татнефть" ӨАҚ мен "Аллюр" компаниялар тобы" АҚ арасында Қазақстан Республикасында шина өндірісін ұйымдастыру бойынша жол картасына қол қойылды. Жобаны іске асыру 1000 жұмыс орнын құруға және шиналарға деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға, өндірісті оқшаулауға, көрші елдерге экспорттық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді. Бұл ретте өндірістік қуаты жеңіл техника үшін 3 млн шинаны құрайтындықтан, ұлғайту мүмкіндігін 3,6 млн шинаға дейін арттыруға болады.
Қазақстандық тарап тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, отандық өнеркәсіпті дамыту және импортты алмастыру мәселелері ҚР Үкіметі қызметінің басым бағыттары болып табылатынын атап өтті.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыруға келісті.