10 Маусым 2024 2024, 21:25
Фото: - Архив
Скляр Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Форум аясында Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Д. Мантуровпен, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасарлары В. Савельевпен, А. Новакпен, М. Хуснуллинмен және «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы А. Дюковпен келіссөздер жүргізді. ПХЭФ-2024 аясында көлік саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.
Сондай-ақ 2040 жылдың соңына дейін ресейлік табиғи газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға тасымалдауды ұйымдастыру туралы келісімдерге қол қойылды.