Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Берлин Еуразиялық клубының 29-шы отырысында неміс бизнесі өкілдерімен ауыл шаруашылығындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанның АӨК саласына герман инвестицияларын тарту мәселелерін талқылады.

Бейнеконференция байланысына екі елдің үкімет және іскер топтарының 70-тен астам өкілдері қатысты.

Кездесуге Герман экономикасы шығыс комитеті президиумының төрағасы Оливер Гермес, Герман экономикасы Шығыс комитетінің бас басқарушы директоры Михаэль Хармс, Германия азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералдық министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы Уве Файлер және екі тараптың салалық министрліктерінің басшылығы қатысты.

Стратегиялық инвесторлармен күшейтілген жұмыс – бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген басымдық. Бұл ретте Үкімет Германия бизнесіне біздің елімізде бірлескен жобаларды табысты іске асыру үшін қолдау көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселе бола отырып, ауыл шаруашылығының дамуымен тікелей байланысты. Агросаласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан неміс инвесторларына жеке қолдау шараларын ұсынуға дайын. Осы мақсатта үкіметтік жұмыс тобы әрекет етуде. Ол бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде жедел жұмыс істеуде, - делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, АӨК инвестиция үшін тартымды сектор. Бұл саладағы әлеуетті серіктестерге мемллекет тарапынан субсидиялар, жеңілдетілген несиелер, арнайы салықтық режимдері ұсынылады.

Өз кезегінде Оливер Гермес Германия елімізбен өзара іс-қимылды сыртқы экономикалық қызметтегі басым бағыттардың бірі ретінде қарастыратынын және бұл ретте неміс бизнесі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде Уве Файлер агроөнеркәсіп кешенінің дамуы мен қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына оң баға берді. Оның айтуынша, бұл екі елдің стратегиялық өзара іс-қимылын қолдау үшін инвестициялық тартымдылықты қалыптастырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы