Скляр Ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен Ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мұнай өнімдері ішкі нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндады. 

Комиссия «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ға өңірлерге ЖЖМ-ді басымдықпен жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Қаржылық мониторинг агенттіктеріне ЖЖМ бағасын белгіленген шектен асыру фактілеріне және бәсекеге қабілетсіз іс-әрекеттерге жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды.

Айта кетейік, мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мәселесі – Үкіметтің ерекше бақылауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы