13 Маусым 2024 2024, 19:09
Фото: Үкімет
Скляр Alarko холдингінің басшылығымен инвестициялық ынтымақтастық келешегін талқылады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда 1993 жылдан бері қызмет көрсететін Alarko ірі түрік холдингінің басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда 1993 жылдан бері қызмет көрсететін Alarko ірі түрік холдингінің басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Консорциум құрамында холдинг Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жобаны іске асырды.
Сонымен қатар бүгінгі таңда Alarko Шымкентте 500 га астам аумақта ірі жылыжай кешенінің құрылысына $650 млн астам инвестиция салуда. Биыл құрылыс жұмыстарын аяқтап, жобаның I кезеңін пайдалануға беру көзделген.
Холдинг басшылығы жылыжай салу аясында кезең-кезеңімен «әлеуметтік белдеу» құру жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұған қоса халықаралық стандарттар бойынша агромамандарды даярлау үшін мамандандырылған академия салу қарастырылған.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
- Туысын да аямаған: Ақтөбеде "жеңілдікпен" куәлік алып бермек болған алаяқ ұсталды 12:27
- Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады? 12:19
- Балық шаруашылығына серпін: Кәсіпкерлерге 5%-бен несие ұсынылады 12:11
- Астанадағы қайғылы өрт: Үш баласынан айырылған ананың жағдайы ауыр 12:06
- Рейд, дрон, жаза: Қарағандыда тазалыққа қарсы 12 мың заңбұзушылық әшкереленді 11:53
- Әлемде: Трамптың Қытайға ультиматумы, Орбанның жеңілісі, Израиль шығыны және Иранмен сәтсіз диалог 11:25
- Тоқаев Ирак президентін құттықтады: Екі ел байланысы нығая түспек 11:04