Скляр 2026 жылы доллар бағасы қандай болатынына болжам жасады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында алдағы жылдағы доллар бағамына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

БАҚ өкілдері доллардың курсы 552 теңгеге дейін көтерілгенін еске салды. 

Вице-премьер Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің 2026 жылға арналған республикалық бюджет жобасында мұнай барреліне 60 доллар кезінде теңге курсы 1 долларға 540 теңге болатынын мысалға келтірді. 

Доллар курсы қандай болатынына қатысты пікірімді айтар болсам, сіздер Ұлттық банк жеке құрылым екенін және Үкіметке бағынбайтынын білу керексіздер. Олар ақша-кредит саясатын өздері қалай деп санайтынына қарай жүргізеді. Бірақ менің және әріптестерімнің болжамы – доллар курсы артқа жылжилы және ондай жоғалы болмайды. Біз мұны талай рет бастан өткіздік, - деп нақтылады Роман Скляр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қызметтен қашан кететінін айтты. Сондай-ақ ол Қазақстанда өнеркәсіпте жарты жыл ішінде өндіріс көлемі 28,9 трлн теңгені құрағанын мәлімдеді.

Жиын барысында биыл елімізде 92 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етілетіні де белгілі болды.

Вице-премьер Қазақстанда тұрғын үй бағасының 20%-ға қымбаттау ықтималдылығына қатысты мәселеге пікір білдірді. Сонымен қатар Роман Скляр бензиннің қымбаттауына, сондай-ақ пиджакты қайдан сатып алатынына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: - архив/ Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы