Ски-альпинизм Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ски-альпинизм 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің 138-сессиясында белгілі болды, деп жазады Olympic.kz.

Олимпиада ойындарында ски-альпинизмнен бес медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер арасында екі, әйелдер арасында екі, аралас эстафетадан бір жүлде өз иесін табады. Жарысқа жалпы есебі 48 спортшы қатысады.

Ски-альпинизм алғаш рет 2020 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында жанкүйерлерге таныстырылды.

Айта кетелік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы